jasqazaq.kz

Алматылықтар Дженнифер Лопестің концертінен кейін Орталық стадионды тазалады

11 тамыз 2025, 11:18

Еріктілер мен жастар «Taza Qazaqstan» акциясы аясында Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертінен кейін Орталық стадионды тазалады, деп хабарлайды jasqazaq.kz Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматыдағы Орталық стадионда өткен Дженнифер Лопестің ауқымды концерті еліміздің түкпір-түкпірінен келген 20 мыңнан астам көрермен мен 35-тен астам елден келген қонақтарды жинады. Концерт аяқталысымен стадионға және оған іргелес аумаққа ондаған ерікті мен жастар ұйымдарының өкілдері шықты.

Қолғап киіп, қоқыс қаптарын арқалаған олар трибуналар мен өткелдерді, сондай-ақ, айналадағы аумақты тез арада тазартып, стадион мен қала бастапқыдай таза болды. Тазалау сәтінің өзі де концерт секілді көңілді өтті, күлкі, қалжың және ортақ іске үлес қосқан қуаныш лебі сезіліп тұрды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жұмыс бұқаралық мәдени шараларды өткізудің мәдениетіне айналған маңызды бөлік. Шоу аяқталғаннан кейін де қала мен қонақтарға қамқорлық жалғасады. Бұл Алматының республикалық экологиялық «Taza Qazaqstan» акциясына қосқан үлесі. Бұл музыкаға деген сүйіспеншілік пен қалаға деген махаббат қатар өрби алатынын дәлелдейтін тамаша үлгі.

@jasqazaq_newsЕріктілер мен жастар «Taza Qazaqstan» акциясы аясында Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертінен кейін Орталық стадионды тазалады

♬ оригинальный звук — Elaman Live 🎥

19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр