Алматылық бойжеткен желіде қазақ тілін «мәмбеттер тілі» деп атаған

19 қазан 2023, 17:25

Алматылық бойжеткеннің қазақ және қырғыз тілдерін жамандап сөйлеген видеосы желіге тарады, деп хабарлайды Kazinform.

Желіде тікелей эфирге шыққан бойжеткен оған қазақ тілінің ұнамайтынын айтқан.

«Маған қазақ тілі өте ұнамайды. Шынын айтқанда ол «мәмбеттердің» тілі. Қазір бұл мәмбеттер ауылдардан қалаға қарай ағылып келіп жатыр, салдарынан қалада үлкен кептелістер пайда болды. Мен өзім Алматыдан боламын. Маған қазақ тілі ұнамайды, қазақ пен қырғыздың тілі «мәмбеттердің» тілі», — деді бойжеткен желіде.

Видеодағы жазбада бойжеткеннің тікелей эфирге жиі шығып, ұлтаралық алауыздықты қоздырып отыратыны жазылған.

Алматы қалалық полиция департаментінде аталған дерек ҚР ҚР-нің 174-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

«ҚР заңнамасына сәкес шаралар қабылданатын болады», — деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді