jasqazaq.kz

Алматылық блогер аутизмі бар балаларды өлтіруге шақырды: полиция қылмыстық іс қозғады

10 қыркүйек 2025, 11:41

Сурет: Polisia.kz

 Аутизмі бар балаларды өлтіруге шақырған алматылық блогерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Әлеуметтік желідегі жарияланым астында Алматыда жасөспірім ауладағы ойын алаңында екі жастағы балақайдың қолын сындырғаны айтылған. Сол жазбаның астына блогер әрі тамада Райхан Жұмамұратова осындай пікір қалдырған.

«Аутизм болып көшеде не істеп жүр? Әке-шешесін соттату керек. Аутизм көп болып кетті, емдету керек, емделмесе өлтіру керек, болмаса аутизмге арнап аурухана ашу керек. Аутизм балада ешқандай сезім болмайды. Әке-шешесі неге мән бермейді? Сондай диагнозы бар балаларын көшеге қалай спокойно жіберіп қояды», — деп жазды блогер.

Алматы полициясы бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Блогердің жеке басы анықталды. Заң аясында шаралар қабылданады. Еске саламыз, қорлау, әлеуметтік араздықты қоздыруға әкелетін әрекеттер, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын материалдар үшін қылмыстық та, әкімшілік те жауапкершілік қарастырылған. Қылмыс жасауға, азаматтардың құқықтарын бұзуға шақыратын кез келген пікірге жол берілмейді», – деп ескертті полиция.

Сурет: Әлеуметтік желіден

18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат