jasqazaq.kz

Алматыдағы жаппай жол апатынан 23 адам зардап шекті (Видео)

15 шiлде 2025, 12:32

Алматыда жүк көлігі, үш жеңіл көлік және жолаушылар автобусы ауыр жол апатына ұшырады. 23 адам жарақат алды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Жол апаты Алатау ауданында 14 шілде күні сағат 18:10 шамасында болған.

ПД баспасөз қызметі хабарламасында: «МАЗ жүк көлігінің жүргізушісі Бұрындай тас жолымен шығыс бағытта келе жатып, рөлді басқара алмай, сол бағытта бара жатқан Mercedes және Kia көліктерімен соқтығысты. Содан кейін қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Yutong автобусымен және Subaru жеңіл көлігімен соқтығысты», — делінген.

Жол апаты салдарынан 23 адам зардап шекті, оның ішінде автобус жолаушылары мен Kia жүргізушісі бар. Барлығы медициналық мекемелерге жеткізілді, олардың жағдайы анықталып жатыр.

«Жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық мән-жай анықталып жатыр», — деп хабарлады полиция.

Qumash Telegram каналында апат орнында түсірілген бейнежазба жарияланды.

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді