jasqazaq.kz

Алматыдағы ауыз су сапасы барлық санитарлық талаптарға сай

Бүгін, 14:07

Алматы қаласында ауыз су сапасы барлық санитарлық талаптарға толығымен сәйкес келеді. Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік мекемесінің директоры Медет Жақсыбайұлы Jas Qazaq тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.

Медет Беркімбаевтың айтуынша, «Алматы су» — елдегі ең ірі сумен жабдықтау кәсіпорнының бірі. Кәсіпорын жалпы қуаттылығы 1 379 мың текше метр болатын жерасты және жерүсті су көздерін, сондай-ақ 3,9 мың шақырымнан астам су құбыры желілерін пайдаланады.
«Бүгінгі таңда қалаға жеткізілетін судың 70 пайызы тереңдігі 150-ден 500 метрге дейінгі 386 артезиан ұңғымасынан алынатын жерасты су көздері болып табылады. Үлкен және Кіші Алматы, Аксай және Қарағайлы өзендерінен жерүсті суларын алу және өндіру жүргізіледі. Тау суы күрделі тазалау кезеңінен өтеді: су тұндырылып, сүзудің бірнеше сатысынан өтіп, одан әрі натрий гипохлоритімен, яғни қарапайым тұзбен зарарсыздандырылады. Соның нәтижесінде, қауіпсіз ауыз суға қол жеткіземіз. Тәулігіне қалаға орта есеппен 700 мың текше метр су беріледі, жаз айларында бұл көлем 800 мың текше метр дейін артады», — деді Медет Жақсыбайұлы.

Кәсіпорын басшысының айтуынша, Алматы қаласы бойынша ауыз су сапасы барлық санитарлық ережелерге сәйкес келеді.
«Химиялық тұрғыдан алсақ, ауызсу құрамы адам ағзасына қажетті микроэлементтерге толы. Су құрамында ауыр металдар, фенолдар және мұнай өнімдері мүлде жоқ. Бактериологиялық және химиялық көрсеткіштер бойынша да су қауіпсіз болып табылады. Оның химиялық құрамы ондаған жылдар бойы өзгеріссіз қолданыла береді. Су сапасына қатысты ауытқулар анықталмаған», — деді ол.

Соңғы он жылда Алматы қаласының шекарасы айтарлықтай кеңейіп, 2011 жылдан бастап қаланың аумағы екі есеге ұлғайған.

«Қаланың құрамына бұрын совхоздар мен бау-бақша шаруашылықтарына тиесілі болған, инженерлік инфрақұрылымы мен жеткілікті су көзі желілері болмаған аумақтар қосылды. Инженерлік инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз ету мақсатында соңғы жылдары Алматыда сумен жабдықтау нысандары мен желілерін салу және қайта құру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды», — деді кәсіпорын директоры.
Медет Беркімбаевтың айтуынша, Алматы қаласының сумен жабдықтау және кәріз жүйесінің инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді.
«2024 жылы 543 шақырым жаңа инженерлік желі пайдалануға берілді. Ал «Алматы Су» мекемесі өз қаражаты есебінен биыл жалпы ұзындығы 32 шақырым тозығы жеткен желілерді ауыстырды. Қолданыстағы коммуникацияларды қайта құрумен қатар, осындай көлемде жаңа желілер салу су құбыры желілерінің тозуын 51,53 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Бір жыл ішінде тозу деңгейінің төмендеуі 3,16 пайызды құрады, ал кәріз бойынша тозу деңгейі 49,89 пайызға дейін төмендеді», — деді МедетБеркімбаев.

Биыл «Алматы Су» кәсіпорны қаланың сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін дамытуға 16 миллиард теңге көлемінде инвестиция салуды жоспарлап отыр.

«Біздің мақсатымыз — қала тұрғындарына суды үздіксіз жеткізу және инженерлік желілердің сенімді жұмысын қамтамасыз ету. Кәсіпорын өз қаражаты есебінен 60 шақырым тозығы жеткен су құбыры мен кәріз желілерін ауыстыруды жоспарлап отыр. Жұмыс барысында су беру шектелмейді және қала үшін маңызды саналатын негізгі көшелерде көлік қозғалысы тоқтатылмайды. Бұдан басқа, ағымдағы жылы 4 сорғы станциясын жөндеу, 200 бірлік сорғы жабдығын, 444 бірлік бекіту арматурасын, 4 трансформаторлық пунктіні ауыстыру, сондай-ақ 2 резервуарды жөндеу және салу жоспарланған», — деді мекеме басшысы.

Олжас Әбдіхалық

Бүгін, 14:07
Алматыдағы ауыз су сапасы барлық санитарлық талаптарға сай
25 қараша, 18:30
«Таза Қазақстан»: Алматының Жетісу ауданында Сейфуллин–Жансүгіров жолайырығын көгалдандыру жалғасып жатыр
18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды
14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді