
Алматыдағы әл-Фараби даңғылында әйелді көлік қағып кетті, деп хабарлайды jasqazaq.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Instagram желісіндегі kris_p_almata парақшасында Алматыдағы әл-Фараби даңғылында тағы бір жол апаты тіркелгені туралы жазба жарияланды. Жол-көлік оқиғасында бір адамның мерт болған.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 наурызда, сағат 22:50 шамасында әл-Фараби даңғылында әйелді көлік қағып кеткен.
Әл-Фараби көшесімен шығысқа қарай жүріп келе жатқан Mitsubishi Delica жүргізушісі Розыбакиев көшесімен қиылыста солтүстікке қарай жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.
Осы автокөлік апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды.
JQ-Aqparat