jasqazaq.kz

Алматыда жыл басынан бері 536 келіден астам есірткі заты тәркіленді

22 желтоқсан 2025, 9:20

Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында психотроптық заттарды заңсыз сақтау дерегін анықтады, деп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған факті бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаевтың айтуынша, есірткі қылмыстарын анықтау және олардың жолын кесу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. – Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес полиция қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Әсіресе азаматтардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіретін синтетикалық заттарды анықтау және тәркілеуге ерекше назар аударылады, – деп атап өтті басқарма бастығы.

Жыл басынан бері Алматы қаласы полициясының қызметкерлері заңсыз айналымнан жалпы салмағы 536 келіден астам есірткі затын тәркілеген. Оның ішінде 55 келісі синтетикалық есірткілерді құрайды.

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді