Алматыда жоғалған 18 жастағы Жұлдыз Ерманова табылды

03 тамыз 2016, 14:19

Алматыда із-түссіз жоғалып кеткен 18 жастағы Жұлдыз Ерманова аман-есен табылды. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Алматыда 1998 жылы туған Ж. С. Ерманованы іздеу мақсатында біздің бөлімшеде құрылған тергеу-жедел тобы оның қайда екендігін анықтады. Ж. С. Ерманова аман-есен табылды. Қазір одан жауап алынып жатыр. Алдын ала деректер бойынша белгілі болғаны, Ж. Ерманова үйден өз еркімен кеткен. Оқиғаның басқа да мән-жайы алдағы іс жүргізу шарасы барысында анықталатын болады», — деді Алмалы аудандық ІІБ бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Рүстем Әбдірахманов.

Естеріңізге сала кетелік, Ж. Ерманованың із-түссіз жоғалғаны туралы арыз Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына 2016 жылдың 2 тамызы күні келіп түскен болатын. Белгілі болғанындай, бойжеткен содан бір күн бұрын — 1 тамыз күні кешкі сағат 18:00-де үйден шығып кеткен. Содан қайтып оралмаған. Жұмыс тәртібі бойынша іздеу шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру мақсатында Алмалы аудандық ішкі істер басқармасында арнайы тергеу-жедел тобы құрылды.

Іздеу шарасына еріктілердің де қатысқанын айта кеткен жөн.

ҚазАқпарат

04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң
10 сәуiр, 14:02
"Қазпошта" алаяқтардың асына айналған ба?
07 сәуiр, 14:29
Көктемде психикалық аурулар неге асқынады?
01 сәуiр, 19:13
Саудада достық жоқ