Алматыда жарылғыш зат туралы жалған хабарлама бергендер ұсталды

11 қыркүйек 2023, 22:49

Алматы полициясына жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген екі азаматтың кімдер екені анықталды. Polisia.kz. хабарлағандай,   біреуі – 32 жастағы Т. есімді жергілікті тұрғын. Ол түнгі сағат 02:00 шамасында Түрксіб ауданындағы коммерциялық нысандардың біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлады. Арнайы қызметтің нысанды комиссиялық тексеруі ақпараттың жалған екенін анықтады. Хабарлаған адамның кім екені жылдам анықталып, ұсталды. Кінәсін мойындаған күдіктінің айтуынша, жалған хабарламаны бұзақылық ниетпен жасаған. ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес, ол қамауға алынды. Оған ҚР ҚК-нің 273-бабында көзделген қылмыс бойынша айып тағылып отыр.

Тағы бір күдіктіні полиция қаланың төменгі бөлігінде ұстады. Өткенде 28 жастағы Т. есімді азамат Бостандық ауданында орналасқан сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде жарылғыш зат бар екені туралы жалған хабарлама берген. Оны да полиция ізін суытпай ұстады.

Телефон бұзақылары өздерін ешкім таба алмайды деген сенімде болады. Бірақ олар қатты қателеседі. Қазір полицияның да, басқа құқық қорғау органдарының да телефон шалушыны анықтап, жауапқа тартуға техникалық мүмкіндігі жеткілікті. Сондықтан Алматы полициясы жалған хабарламалар үшін қылмыстық жауапкершілік бар екендігін тағы да еске салады. Қылмыстық кодекстің 273-бабына сәйкес, лаңкестік актісі туралы жалған ақпарат беру алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады.

JQ-Aqparat

 

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді