jasqazaq.kz

Алматыда жаңа құтқару бөлімшелері ашылды

08 қантар, 15:18

Алматыда қала әкімі Дархан Сатыбалды мен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің қатысуымен азаматтық қорғау жүйесінің екі нысаны – «Shymbulak» маңындағы әмбебап құтқару бөлімшесі және қаланың іскерлік бөлігіндегі №15 өрт сөндіру бөлімшесі ашылды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, биік таулы аймақта орналасқан жаңа құтқару бөлімшесі күрделі табиғи жағдайға бейімделген және туристік аумақта төтенше жағдай кезінде әрекет ету уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Нысанның іске қосылуы Мемлекет басшысының туризмді дамыту барысында қауіпсіздікке басымдық беру жөніндегі тапсырмасына сай келеді.

№15 өрт сөндіру бөлімшесі Алматының орталық аумағындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ол Көктем-1, Көктем-2, Көктем-3, Алмагүл және Таугүл шағынаудандарын қамтиды. Қызмет көрсету аймағында 30 мыңнан астам тұрғын мен 120-дан астам нысан бар. Бөлімше заманауи техникамен жабдықталып, тәулік бойы жұмыс істейді.
Өрт сөндіру және құтқару инфрақұрылымын дамыту қаланың қауіпсіздік саласындағы саясатының маңызды бағыттарының бірі болып қала береді.

JQ-Aqparat
Сурет: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге