jasqazaq.kz

Алматыда ұрланған сейфті алып қашпақ болған күдікті қолға түсті (Видео)

09 желтоқсан 2025, 11:40

Алматыда ұрланған сейфті алып қашпақ болған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда полиция пәтерді тонаған күдіктіні ұстады. Күдікті сейфті ұрлап, қаладағы қоғамдық троллейбуспен алып кетуге әрекеттенген. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері пәтер ұрлығына қатысы бар ер азаматты анықтап, ұстады. Күдікті қылмыс орнынан кету үшін ең күтпеген тәсілдердің бірін таңдағанымен, тәртіп сақшылары оны дер кезінде қолға түсірді.

– Бұл күдіктіні ұстау қызметкерлеріміздің жеделдігі мен үйлесімді жұмысының нәтижесі. Қазір оның өзге де ұқсас фактілерге қатыстылығы тексерілуде. Қылмыстың бұл түрін ашу бойынша жұмыс күнделікті жүргізіледі және біз қала тұрғындарының мүлкін қорғауға ерекше назар аударуды жалғастырамыз, – деді

Алматы қаласы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу және жедел шаралардың жалғасып жатқанын хабарлады.

 

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді