jasqazaq.kz

Алматыдағы мүгедектер енжар мекемеге өкпелі

15 қараша 2016, 21:43

pandus

Пандустардың пайдасынан зияны көп. Алматыда Мүгедектер қоғамының мүшелері мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасауға бей-жай қарап келген мекемелермен күресті күшейтті. Олар Алматы-1 теміржол вокзалының өзінде оннан астам талаптың орындалмағанын анықтады деп хабарлайды ktk.kz. Енді мекемеге қомақты айыппұл салынып, 1 айда кемшілік жойылуы тиіс.

Вокзалға келген мүгедектің қиындығы көлік тұрағынан-ақ басталады. Себебі, арнайы орындардың барлығына таксистер тұрып алған.

Ұлан Іңкәрбеков, Бостандық аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы:

Менің қоларбамның күші жеткеннің өзінде, мен артқа қарай ауып кетемін де, құлаймын. Мына жерге басыммен артқа шалқамнан түсіп құлаймын. Өйткені мына жерде заң бойынша 5 процент болуы керек. Мен ойлаймын, 50 процент шығар.

Есіктің тар болғандығынан вокзал ішіне әзер кірген оларға бірде-бір қызмет толыққанды көрсетілмейді екен. Мысалы, дәмханаға көтерілу, теміржолдың екінші-үшінші жолақтарына өту және вагонға кіру үшін арнайы құрылғылар қажет. Бірақ ондай дүниенің бірі де қарастырылмапты. Тіпті қарапайым ақпарат алудың өзі қиямет.

Ұлан Іңкәрбеков, Бостандық аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы:

Кассирмен сөйлесе алмаймын. Биіктігі менің қоларбамның биіктігімен сәйкес келмейді. Мүгдектерге қызмет көрсетіледі деген белгілер тұру ы керек.

Мұнда тек арбаға таңылған жандар емес, көзі нашар көретін адамдарға қатысты талаптар да орындалмаған. Мысалы, перрон мен ғимарат ішінде дене арқылы сезінетін жолақтар жоқ. Яғни, мүгедек рельске құлап кетуі, баспалдақтан жығылып, жабық тұрған есікке соғылуы мүмкін. Бұл үшін биылдан бастап айыппұл салынатынын мекемелер білмейтін сыңайлы.

Жанар Махамбетова, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қалалық департаментінің бөлім басшысы:

Мекеменің бірінші басшысына анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде ұйғарым беріледі. Сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес айыппұл салынуы мүмкін.

Бірінші айыппұл 240 мың теңге. Соны төлеп, бір ай ішінде барлық кемшіліктер жойылуы тиіс. Олай болмаған жағдайда айыппұл бірнеше еселеніп, 1 миллионнан асады.

Бекболат Ақпанов, Алматы-1 теміржол вокзалының бас инженері:

Алдағы уақытта қолымыздан келгенін өзіміздің күшімізбен жасай береміз. Көтергіш қондырғыларға күрделі қаражат күтеміз. Егер бөлініп жатса.

Өкінішке қарай, осындай тексерістердің жүргізілуі үшін міндетті түрде арыз түсуі қажет екен. Ал бір реттік рейдтердің берер пайдасы шамалы. Себебі мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасауға қаржы жұмсағанша, айыппұлмен құтылуды жөн санайтындар басым болып отыр.

Бүгін, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
Бүгін, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
Бүгін, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
Бүгін, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
Бүгін, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
Бүгін, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
Бүгін, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
Бүгін, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады
03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады