jasqazaq.kz

Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымының ІV Халықаралық жастар фестивалі өтіп жатыр

19 тамыз 2025, 10:49

Алматыда 18-19 тамыз күндері Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) IV Халықаралық жастар фестивалі өтіп жатыр.

Іс-шараға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер – Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстаннан делегаттар қатысуда. Фестиваль аясында жастар саясаты, кәсіпкерлік, азаматтық белсенділік және әлеуметтік бастамаларды дамыту бағыттарында семиналар ұйымдастырылып, жас көшбасшылар мен кәсіпкерлер бас қосады.

Жиынның ресми ашылуы барысында Алматы қаласына «2025 жылғы Түркі әлемінің жастар астанасы» мәртебесі берілді. Салтанатты шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтау хатын жолдады. Оны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оқып берді.

«Алматы – азаттығымыздың алтын бесігі, жасампаз жастардың құтты мекені. Өркениетіміздің өрісін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосқан көптеген ұлы тұлғаларымыз осы қалада өсіп-өнген. Шын мәнінде, төл мәдениетіміздің темірқазығына айналған шежірелі шаһар қазақ елінің ғана емес, түркі мемлекеттерінің де рухани ордасы саналады.


Бүгін асқаралы Алатаудың баурайында түбі бір түркі жұртының білімпаз, дарынды әрі белсенді жастары бас қосып отыр. Іргелі іс-шара аясында жаңа достар тауып, тың идеялар мен жобаларды жүзеге асырасыздар деп сенемін. Өрендеріміздің бірлігі бекем болса, түркі әлемінің тұғыры мығым, болашағы жарқын болары сөзсіз», – делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Сондай-ақ 2024 жылғы жастар астанасы — Ленкорань қаласы, Әзербайжан елінің өкілдері жастар астанасы кілтін Алматы жастарына табыстап, бауырластық эстафетасын жалғады.

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады