jasqazaq.kz

Алматыда тұрғындардың 99,6% — дан астамы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген

24 мамыр 2025, 13:56

*Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды*

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың қызметінің үш жылы ішінде қалада сумен жабдықтау жүйесін дамыту бойынша жұмыстардың едәуір көлемі іске асырылды. Нәтижесінде 620 шақырым жаңа желілер салынды, бұл халықты орталықтандырылған сумен қамтуды 99,6% — ға дейін жеткізуге мүмкіндік берді (салыстыру үшін: 2022 жылы-99,1%). Сонымен бірге су құбыры желілерінің тозу дәрежесі 56,4% — дан 52,86% — ға дейін төмендеді.

«Каменское плато» шағынауданында және іргелес тұрғын алаптарында — Юбилейный, Көлсай және Мұзтау-тұрақты сумен жабдықтау мәселесін шешуге ерекше назар аударылды. Бұл аудандарда бұрын скважиналардың төмендеуіне және белсенді дамуға байланысты су ресурстарының тұрақты тапшылығы тіркелген. Тапшылық тәулігіне 5 мың текше метрге дейін, нормативтік қажеттілік кезінде шамамен 8 мың текше метрді құрады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында су инфрақұрылымын дамыту жобасы іске асырылды. «Балқаш» станциясында жалпы көлемі 7,3 мың текше метр болатын 7 жаңа резервуар салынды, 3 резервуар қайта жаңартылды, өнімділігі тәулігіне 15,7 мың текше метр болатын 3 жаңа ұңғыма бұрғыланды, жиынтық қуаты тәулігіне 22 мың текше метр болатын 12 сорғы орнатылды.

«Каменское плато» шағынауданында және бұрын су құбыры желілері болмаған іргелес аудандарда сумен жабдықтаудың магистральдық инфрақұрылымын құру үшін 6,1 шақырым магистральдық құбырлардың құрылысы орындалды.

Қаланы сумен жабдықтау жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі жұмыс Алматының тұрақты даму жоспарларына және Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес жалғасуда.

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?