jasqazaq.kz

Алматыда тіркелуге асыққан адамдарды риелторлар алдап жүр

07 қантар 2017, 0:52

Жылжымайтын мүлік нарығын алаяқтар жайлап барады! Алматыда жалға алуға пәтер тауып беремін деп, ақырында жұртты сан соқтырып кететін маклерлер көбейген. Олар адамдарды алдаудың түрлі әдісін қолданады. Алаяқ риэлторлық агенттіктер жалған баға мен сурет арқылы жұртты қызықтырып, артынша алдап кететін болған.

Ғаламтордағы пәтер жалға берілетіні туралы хабарландырулардың көбін қазір үй иелері емес, риэлторлық агенттіктер жариялайды. Сондықтан, жұрт өзіне ұнаған пәтеріне тұру үшін, солардың қызметіне жүгінеді. Алайда хабарландыру жариялағандардың бәрі кәсіби риэлтор емес. Арасында алаяқтар көп. Есәлиевтер отбасы – сондай маклерлерге алданып қалғандардың бірі.

Диас Есәлиев, Алматы қаласының тұрғыны:

— Жақсы пәтер табамын деп қашып кетті. Алданған жалғыз мен емес. Мәселе ақшада емес.Адамгершілік болу керек қой.

Бұл отбасы жалға пәтер алу үшін маклерге 15 мың теңгені беріп, келісім-шартқа отырған. Ал қазір не баспана таппаған, алдын ала берген ақшасы жоқ. Тіпті алдап соққан риэлторлық агенттік өкілдері оларға дұрыс жауап та қатпады.

-Арыз жаздыңыз ба?

-Жаздық. Жауап бермеді.

-Онда сотқа беріңіз.

Мұндағылар мәселені сот арқылы шешіңдер дегенімен, жұрт сан соғып қалғанын заң алдында да дәлелмей алмауы мүмкін. Өйткені келісім шартты бәрі бірдей мұқият оқымайды. Яғни, қол қойған құжатта пәтер туралы бір ауыз сөз жазылмаған. Тек ауызша ақпараттық қызмет көрсетіледі делініпті. Тіпті оның не туралы ақпарат екені де түсініксіз. Ал клиенттердің түгелге дерлігі мұны оқымай, қол қойған.

Нина Лукьяненко, Қазақстан Риэлторлар қауымдастығының вице-президенті:

— Жұрт риэлтордың қызметіне жүгінгенде ештеңе сұрамайды. Ол расымен осы саланың маманы ма, оны дәлелдейтін құжаты бар ма? Клиенттерге бәрібір. Бей-жай қарайды. Соның салдарынан сапасыз қызмет пен осындай келеңсіз жағдайларға тап болуда.

Енді маклерлерге алданған он адам бірігіп сотқа шағымданбақ. Алайда жұрттың ақшасын алып, жер сипатып кеткендердің жазадан да сытылып кететін түрі бар. Себебі, алаяқтардың ауызша уәдесін заң алдында дәлелдеу қиын. Сондықтан пәтер туралы келісім-шартқа отырар алдында оны егжей-тегжейлі оқу маңызды. Ал, маклерге қып-қызыл ақшаны ұстатқанда, оның ешқандай да қызмет көрсетпейтінін естен шығармаған абзал.

КТК

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда