jasqazaq.kz

Алматыда студент оқытушыға пышақ салды: Оқиғаның мән-жайы белгілі болды

23 желтоқсан 2025, 10:22

Алматыда оқытушыға пышақ ала жүгірген студентке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, студент емтиханнан сүрініп, жазғы маусымға қалып қойғаны үшін ашуға булығып, осындай қадамға барған көрінеді. Дегенмен ALT University басшылығы мұны жоққа шығарып отыр, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап. 

Жәнібек Смадияров, ALT University аппарат жетекшісі: — Студенттің мұғаліммен еш қарым-қатынасы жоқ. Мұғалім ол студентке сабақ бермейді. Қандай да бір ортада келеңсіз жағдай болмаған. Оқу үлгерімі жақсы, сабақтан қалмаған. Жанындағы достары, студенттердің айтуынша, тұйық мінезді. Сабаққа келетін, кететін. Ол туралы мінездеме жоқ.

Оқиға өткен жұмада университет дәретханасында болған. Студент оқытушының артынан іле-шала кіріп, пышақпен мойнын жаралапты. Абырой болғанда, сондағы күзет пен өзге де студенттер байқап қалып, оларды ажыратып үлгерген. Жарақат алған мұғалімді ауруханада тексеріп, кейін ол үйіне жіберілді. Ал екінші курс студенті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Егер ол кінәлі деп танылса, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Әзірге екеуара кикілжіңге не себеп болғаны белгісіз.

15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге