jasqazaq.kz

Алматыда пойыз төбесіне шыққан жасөспірімді ток соқты

21 шiлде 2025, 14:06

19 шілдеде Алматыда 15 жастағы жасөспірім пойыз төбесіне шығып, электр тогына түсті. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлады.

«2025 жылғы 19 шілдеде сағат 18:55-те Алматы-2 станциясы бойынша кезекші орын алған оқиғаны тіркеді. Кәмелетке толмаған 15 жастағы бала вагон төбесіне өз еркімен шығып кеткен. Нәтижесінде электр тогы соғып, денесін күйік шалған», — делінген ҚТЖ хабарламасында.

Оқиға орын алған жерге жедел медициналық көмек бригадасы келіп, жасөспірімге медициналық көмек көрсетілген.

«»ҚТЖ» ҰК» АҚ темір жолы қауіптілігі жоғары аймақ екенін еске салады. Жолға шығып кету, сондай-ақ жылжымалы құрамға жақын кез-келген әрекет адам өмірі мен денсаулығына ауыр зардаптар әкелуі мүмкін», — делінген хабарламада.

Оқиға фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

 Фото: otyrar.kz

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді