jasqazaq.kz

Алматыда «Наркостоп» жобасына 3 мыңнан астам ерікті қатысып жатыр

07 желтоқсан 2025, 17:34

 Алматыда «НаркоСтоп» жобасы белсенді түрде жүзеге асырылып келеді. Қалада нашақорлықпен күреске бағытталған кешенді жоспар аясында төрт мамандандырылған орталық жұмыс істейді. Игі іске 3 мыңнан астам ерікті тартылған. Бұл жөнінде Жастар саясаты басқармасының өкілдері айтты.

2025 жылдың басынан бері 180-нен астам іс-шара өткізілді. Қала көшелерінде тыйым салынған заттарды жарнамалайтын 18 мыңнан аса трафарет пен граффити боялып өшірілді, 35-тен астам алдын алу бағытындағы бейнеролик әзірленіп, олар әлеуметтік желілерде, LED-экрандарда және қоғамдық көлікте көрсетіліп жатыр.

2024 жылдан бастап кибереріктілік бағыты іске қосылған. Еріктілер тыйым салынған заттарды насихаттайтын сайттар мен парақшаларды анықтайды. 197 ресурс бұғатталып, зертханалар, есірткі сатушылар және үгіттеушілер туралы мәліметтер құқық қорғау органдарына жолданды.

Айта кетейік, Алматыда 14-35 жас аралығында 712,3 мың жас тұрады. Бұл қала халқының 32 пайызы. Қаладағы 35 жоғары оқу орнында және 88 колледжде 296,5 мың студент білім алады, олардың 167 мыңы өзге өңірлерден келген жастар. Жастар саласында атқарылған жұмыстар нәтижесінде оң өзгеріс байқалады: NEET санатындағы жастар үлесі 6,4 пайыздан 5,8 пайызға төмендеді, ал 2025 жылдың екінші тоқсанында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,1 пайызға дейін азайды. Бұған Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы мен 2030 жылға арналған орта мерзімді жоспарларды іске асырудың арқасында қол жеткен.

JQ-Aqparat

Сурет: Алматы қаласы әкімдігі

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді