jasqazaq.kz

Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады

14 қараша 2025, 17:40

Бауыржан Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейіне бекітілген жер телімінде жаңа үш қабатты ғимарат бой көтереді. Мұндай шешімді Алматы қаласының әкімдігі мектептің шамадан тыс жүктелуіне байланысты ата-аналар тарапынан түскен көптеген өтініштен кейін қабылдады.

Мектеп-лицей орналасқан Самал шағынауданында халық саны өсіп келеді, тұрғын үй құрылысы да қарқынды жүріп жатыр. Бұл оқушылар көбейеті жөнінде болжам жасауға негіз болып отыр. Осыған байланысты мектеп инфрақұрылымын кеңейту – оқушылардың қауіпсіз әрі жайлы жағдайда білім алуына бағытталған уақытылы және қажетті іс-шара.

Жаңа ғимарат 1-ден 4-сыныпта оқитын шамамен 300 балаға арналмақ.

Кеше Алматы қалалық білім басқармасы мен Медеу ауданы әкімдігі өкілдерінің ата-аналар қауымымен өткен кездесуінде барлық ұсыныс-шағым тыңдалды. Негізгі өтініштің бірі – құрылыс жұмыстары кезінде барлық қауіпсіздік нормасының қатаң сақталуы.

Құрылыс жұмыстары сабақ уақытынан тыс жүргізіледі және санитарлық талаптағы шу деңгейі нормалары сақталады. Бұл оқу үдерісіне кедергі келтірмеу және оқушыларға қолайсыздық туғызбау үшін жасалады.

Құрылыс кезеңінде оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің құрылыс аймағына кіруі шектеледі, құрылыс аумағы толық оқшауланып, қоршалады. Ірі көлемді техника тек демалыс күндері кіріп-шыға алады, бұл оқу кезеңінде оқушылар мен жақын маңдағы тұрғындарға төнетін қауіп-қатерді барынша азайтады.

Мектеп аумағына Снегин, Меңдіқұлов және Достық көшелері жағынан кіруге болады. Нысанда ескерту және ақпараттық белгілер, сондай-ақ қауіпсіз жүріп өту мен эвакуация сызбалары орнатылады. Қауіпсіздік пен өткізу режимін сақтауды лицей әкімшілігі мен күзет қызметі бірлесіп бақылап отырады.

Алматы қаласының білім басқармасы мен мектеп әкімшілігі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оқу үдерісін ұйымдастыру мәселесін тұрақты бақылауда ұстайды. Нысанды пайдалануға беру 2026 жылы желтоқсан айына жоспарланған.

Айта кетейік, Медеу ауданындағы оқушы орындарының тапшылығы сақталып отыр. Жалпы тапшылық шамамен 4400 орын. Солардың ішіндегі ең көп жүктелген білім беру ұйымдарының бірі – №131 мектеп-лицей. Мектептің жобалық қуаты 940 орынға есептелгенімен, бүгінде мұнда 2201 бала білім алып жүр.

JQ-Aqparat

Сурет: Алматы қаласы әкімдігі 

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады