jasqazaq.kz

Алматыда «Matic Basket» қаржы пирамидасы 2 мың адамның 80 млн теңгесін қолды еткен

14 шiлде 2025, 12:20


Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Matic Basket» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, ұйымдастырушылар өздерін әлеуметтік желілері арқылы жарнамалап, азаматтарды «Matic Basket» жобасына ақша салуға шақырған. Олар криптовалюта биржасында майнинг пен трейдинг арқылы жоғары пайда табуды уәде еткен. Зардап шеккен адамдар 5 000 теңгеден 1 100 АҚШ долларына дейін ақша салған.

— Алайда салымшыларға ақша салғанын растайтын ешқандай құжат берілмеген, әрі олармен келісімшарт немесе ресми келісімдер жасалмаған. Жаңа қатысушыны тартқан жағдайда әрбір қаржылық операциядан 10 пайыз көлемінде кіріс түсетіні айтылған. Нәтижесінде қаржы пирамидасына Қазақстан мен ТМД елдерінің 1900-ден астам азаматы тартылып, жалпы сомасы 80 млн теңгеден астам қаражат салынған, — деп хабарлады Қаржы мониторинг агенттігінен.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде елден шығуға тыйым салынды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

 Фото: pixabay.com/Max Zolotukhin

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді