jasqazaq.kz

Алматыда қор басшысы 15 жастағы жасөспірімге базарда ақша жинатқан

27 қараша 2025, 10:28

Қайырымдылық қорының басшысы 15 жастағы жасөспірімді базар аумағында тұрғындардан қаражат жинауға заңсыз тартқаны үшін жауапқа тартылды.

Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, қор басшысы қайырымдылық қызметін реттейтін нормаларды бұзып, жасөспірімді қоғамдық орындарда ақша жинауға жұмылдырған.

Жасөспірім тұрғындарды қайырымдылыққа шақырып, шу шығарып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

kaz.inform.kz хабарлағандай,  сот отырысында қор директоры кінәсін толық мойындады. Құқық бұзушылық фактілері жасөспірімнің түсіндірмесімен және жиналған дәлелдермен расталған.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 128-бабының 1-бөлігі мұндай жағдайда жеке тұлғаларға 50 АЕК көлемінде айыппұл салуды қарастырады. Сот кінәлінің жеке басын және ауырлататын мән-жайдың жоқтығын ескере отырып, қор басшысына 196 мың теңгеден аса айыппұл тағайындады.

Фото: pavlodarnews.kz

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді