jasqazaq.kz

Алматыда қаскөй әйел мен оның 6 жастағы қызын қазанмен ұрып өлтірген

25 желтоқсан 2025, 11:43

Сурет: Видеодан кадр

Алматыда әйел мен оның 6 жастағы қызын асқан қатыгездікпен ұрып өлтірген айыпталушыға қатысты сот үкімі шықты. Бұған дейін де қылмысы үшін сотталған ер адам бұл жолы өмір бойы бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды jasqazaq.kz  Almaty каналына сілтеме жасап. 

Белгілі болғандай, сотталушы мен марқұм Ақбота Үсербай небәрі алты ай ғана таныс болған. Биыл 5 қыркүйекте екеуінің арасындағы жанжал қанды қылмысқа ұласқан. Ашу үстінде ер адам ас үйдегі шойын қазанмен әйелді баласының көзінше өлімші етіп сабапты. Ауыр жарақат алған әйел сол түні ауруханада көз жұмған. Медициналық сараптама марқұмның ашық бас-ми жарақатын алғанын, бас сүйегінің бірнеше жерден сынғанын, миына қан құйылғанын растады.

Қандықол мұнымен тоқтамай, марқұмның зейнеткер анасын да бірнеше рет ұрып, есінен тандырған. Әйел жансақтау бөліміне жеткізіліп, бірнеше отадан кейін аман қалды. Сотталушы мұндай қатыгездікті көзбен көрген жалғыз куәгер 6 жастағы қызды да сол қазанмен бірнеше рет ұрған. Ауыр жарақаттан Көркем ес жимастан бірнеше күннен соң көз жұмды.

Сонымен қатар іс материалдарында тағы бір қылмыстық эпизод бар. Баланың шыңғырған дауысын естіген пәтер иесі есікті қағып, мән-жайды білмек болған. Алайда ер адам қылмысын жасырмақ болып, оны да темір қазанмен маңдай тұсынан ұрып құлатқан. Кейіннен қанға боялған темір қару Медеу ауданындағы тұрғын үйлердің бірінің қақпасының маңында жасырылғаны анықталды.

Соңғы сөзінде сотталушы өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, қылмыс жасамағанын мәлімдеді. Алайда сараптама нәтижесінде қанға боялған темір қазанда Чалтабаевтың саусақ іздері табылғаны дәлел ретінде ұсынылды.

Мемлекеттік айыптаушы Боралхан Чалтабаевты аса қатыгездікпен екі немесе одан да көп адамды қасақана өлтіру және адам өлтіруге оқталу баптарымен айыптады. Судья Бақытжан Бәкірбаев сотталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыру жөнінде үкім кесті.

«Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі бойынша өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 58-бабының  4-бөлігі ережелеріне сай, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтықтарында онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға ауыстыру арқылы Чалтабаевқа өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», – деді судья Бақытжан Бәкірбаев.

20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму