Алматыда қала маңына қатынайтын бағыт ашылды

20 қазан 2023, 13:14

Алматыда бүгіннен бастап 12 жылжымалы бірлік желісінде қала маңына қатынайтын «Төле би — Яссауи бұрылу алаңы — Қарғалы кенті» сызбасы бойынша жүретін №236 бағыт ашылады. Көліктің қозғалыс интервалы 17 минут болады.
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі жазғандай, жолаушылар мен жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережелеріне сәйкес, қызмет көрсету «NEO city TRANS» ЖШС тасымалдаушыға берілді. Осы бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдау ISUZU HC-40 маркалы автобустар жүргізетін болады.
Жалпы Алматы агломерациясын дамыту аясында Алматының қалалық мобильділік басқармасы 2023 жылы 25 елді мекенді қамтитын жаңа қала маңындағы бағыттарды ұйымдастыруды жоспарлауда. Бұған дейін 3 бағыт іске қосылған, олар: №223 «Саяхат-Нұра және Туғанбай ауылдары», №233 «Қараой – Саяхат ауылы», № 240 «Батыр ауылы – «Адем-1» СҮ, Солтүстік айналма көшесі, қалған бағыттар әзірленуде.
Бұдан басқа, Алматы және Алматы агломерациясын дамыту жоспарына сәйкес 2024 жылдың соңына дейін 20 жаңа қала маңындағы бағыттарды ұйымдастыру жоспарлануда, олардың есебінен 50 елді мекен қамтамасыз етіледі.
JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді