Алматыда І Республикалық жастар театрлары фестивалі өтуде

03 қараша 2023, 12:31

Алматыда 1-6 қараша күндері І Республикалық жастар театрлары фестивалі өтіп жатыр. Іс-шараның салтанатты ашылуы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында өткен болатын. Биыл алғаш рет ұйымдастырылып отырған фестивальдің ерекшелігі үздік деп танылған қойылымның режиссерлері қызыл кілемнен өтіп, бірден марапатқа ие болды.

Атап айтқанда, Әридаш Оспанбаева, Әлібек Өмірбекұлы, Гүлназ Балпейісова, Мейрам Хабибуллин, Антон Зайцев, , Шағуан Үмбетқалиев, Анна Цой, және Шыңғыс Жақыпбай сынды 35 жасқа дейінгі жас режиссерлер арнайы диплом және 1 млн теңге көлеміндегі сертификаттармен марапатталды.

Үздіктер қатарынан табылған отандық жас режиссерлердің қойылымдары 2-6 қараша аралығында Алматы театрларында сахналанатын болады. Фестиваль жеңімпаздарының қатарында Астана қаласы әкімдігінің Жастар театры, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық драма театры және тағы басқа өнер ұжымдары бар.
Фестивальде театр өнеріне еңбегі сіңген қайраткерлер Есмұқан Обаев, Нұрқанат Жақыпбай, Талғат Теменов, Әубәкір Рахимов, Қуандық Қасымов, Гүлсина Мирғалиева, Мұрат Ахманов арнайы шақырылып, өнер тарландары жас буынға сәттілік тіледі. Фестивальді ұйымдастырушылардың сөзінше, фестиваль театр әлеміндегі жас режиссерлердің жетістіктерін насихаттап, олардың кәсіби әлеуетін арттыру мақсатында өтеді.

Ғ.Мүсірепов татындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері Сафуан Шәймерденов, театр өнерпаздары үшін мұндай фестивальдердің рөлі маңызды дейді. Ол: « Қазір еліміздегі театрлар қарқынды дамып жатыр. Оның қарқынды дамуына үлес қосып жатқан жас режиссерлер. Олар үнемі жаңа ізденісте, жаңа бастамаларымен көзге түсуде. Сонымен қатар үлкен эксперименттерге де қорықпай баруда. Соның арқасында еліміздегі барлық театрлары алға қарай қарқындап қадам басты. Бұл фестиваль өнер адамдарын біріктіріп, тәжірибе алмасып, бір-бірімен танысуға жол ашады. Ізденісте жүрген режиссерлер мен театр актерлеріне де пайдасы мол дегім келеді»,-деді.

Еліміздің әр өңірінен келген театр өнерпаздары үздік қойылымдарын театр көрермендеріне ұсынатын болады.

Мақпал Ноғайбаева

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу