jasqazaq.kz

Алматыда белгісіз адамдар мектептерге шабуыл жасаумен қорқытты: Полиция жағдай толық бақылауда екенін мәлімдеді

19 қантар, 10:52

Әлеуметтік желіде Алматы қаласындағы мектептерге шабуыл жасалатыны туралы хабарламалар таралды. Алматы Полиция департаменті бұл ақпараттың  жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды jasqazaq.kz. 

«Қазіргі уақытта қаладағы оқу орындарындағы жағдай толық бақылауда. Полиция мен басқа да жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, балалар мен педагогтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда», – делінген хабарламада.

Жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары басталды. Фейк хабарламаның авторы мен дереккөзі анықталуда.

«Оны таратумен байланысты тұлға заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады», – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті.

Бүгін, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
Бүгін, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге