jasqazaq.kz

Алматыда Бауыржан Момышұлы ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

29 желтоқсан 2025, 15:59


Алматыда Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Алматы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шара 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы аумағында ұйымдастырылды.
Рәсімге қолбасшының туыстары, әскери қызметшілер, зиялы қауым өкілдері, ҰҚК Шекара академиясының курсанттары және қала тұрғындары қатысты. Қатысушылар батырдың рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті.
Еске сала кетейік, «Халық Қаһарманы» атағы Бауыржан Момышұлына Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №1137 Жарлығымен берілді.
Іс-шара барысында қатысушылар Бауыржан Момышұлы тұлғасының тарихи маңызын, оның әскери іске және жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесін, сондай-ақ құрметті атақтың берілуіне қоғам тарапынан жоғары қолдау болғанын атап өтті. Рәсімнің ресми бөлігінен кейін ҰҚК Шекара академиясының курсанттары салтанатты саппен өтіп, әскери құрмет көрсетті.

JQ-Aqparat

Сурет: Алматы әкімінің баспасөз қызметі 

15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге