jasqazaq.kz

Алматыда баланы аяусыз тепкен ер адам қамауға алынды (Видео)

01 желтоқсан 2025, 14:04

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында ер адамның баланы тепкен сәті бейнебақылау камерасына түсіп, әлеуметтік желіде тарады.

kaz.inform.kz хабарлағандай, оқиға Алатау ауданында болған. Видеодан ер адамның балалар алаңында жүгіріп барып, бар күшімен баланы тепкенін көруге болады. Бала құлап қалған, ал ер адам оқиға орнынан кетіп қалған.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, Алатау аудандық полиция басқармасы бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

Күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

— Балаларға қатысты мұндай әрекеттерге жол берілмейді және олар заң аясында қатаң түрде тоқтатылады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу полиция департаменті басшылығының бақылауында, — делінген ведомство хабарламасында.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да оқиғаға қатысты түсінік берді.

Оның айтуынша, бұл оқиға бойынша жағдай бақылауда және балаға тиісті көмектің бәрі көрсетіледі.

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді