jasqazaq.kz

Алматыда 80 жастағы анасын бес жыл бойы қамауда ұстаған

07 наурыз 2017, 9:22

Алматыда 80 жастағы Лидия Водопьянованың көршілері оның бес жыл бойы өз үйінде қамауда жатқанын айтуда. Кейуананы сол жерде өгей қызы қамап отырған-ды.

NUR.KZ хабарлағандай, көршілердің айтуынша, кейуана өткен-кеткеннен тамақ сұрап, егіле жылаумен болады екен.

«Оның қызы екі айда бір рет келеді. Оған қарайласпайды. Кейуана қашан да аш жатады», – дейді Гүлжан Жармұхмабетова.

«Ол жер өте лас әрі тастай суық. Біз бәріміз жабыла тамақтандырамыз», – дейді өзге көршісі Ирина.

Әйелдердің сөзіне сенсек, кейуана көмек сұрап, жылай береді. Көршілерінен біресе бір үзім нан, біресе сіріңке сұрап жатады. Көршілер талай рет полиция шақыртқанымен, олар әжесіне туыстары қарауы тиіс деп қолды бір сілтейтін көрінеді.

«Науқас болғандықтан, маған ешкім қарайласпайды. Мен ішкілікке салынғандардың қатарынан емеспін, өмір бойы жұмыс істеп келдім», – дейді Лидия Водопьянова.

Қақпа жабық болғанымен, журналистер ішке кіре алды. Кейуана тұратын үйдің жағдайын көрген олар аң-таң болған.

80 жастағы Лидия Станиславовна бұл жайтқа ешкімді кінәламайды. Тек аздап көмек сұрауда.

Кейуана бар сұрақтарға жауап бергесін, журналистерден біраз уақыт қасында бола тұруын сұрады. Адамдардың қарайласуы жетпей тұрғаны бірден сезіліп тұр. Келесі күні зейнеткерге полицейлер мен әлеуметтік қызметкерлер келді.

Өгей қызы Еленаны да көру мүмкіндігі туды. Ол өгей анасы Альцгеймер дертіне шалдыққанын, оңай жоғалып кетуі мүмкін екенін, ал тамақты күн-түн демей сұрай беретінін алға тартты.

«Ол тамақ жегенін ұмытып қала береді. Үйден бірнеше рет кетіп қалған болатын, сол арада көлік қағып кетсе қайтеміз? Біз оны бір рет жоғалтқан болатынбыз», – дейді зейнеткердің өгей қызы Елена Водопьянова.

Елена қақпаны ұрылар кіріп кетпеуі үшін жапқанын айтуда. Ал емханаға зейнеткерді жасына бола қабылдамайды-мыс. Ол бүгінде кейуананы қамқорлыққа алу үшін құжаттарды реттеді. Елена ендігі өгей анасына жақсырақ қамқор болуға уәде етуде.

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда