jasqazaq.kz

Алматыда 71 жезөкшелер үйі мен заңсыз жұмыс істейтін салондар әшкере болды (Видео)

19 қыркүйек 2025, 12:40

Сурет: Видеодан кадр

Алматыда заңсыз жұмыс істейтін салондарды анықтау бойынша рейдтер өткізілді, деп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Алмалы ауданында полиция қызметкерлері «Манхэттен», «Ақбұлақ» және «Кәусар» тұрғын үй кешендерінде жыныстық қызмет көрсететін жезөкшелер үйлері мен заңсыз жұмыс істейтін салондарды анықтауға бағытталған алдын алу шараларын жүргізуде.

Рейдтер барысында 71 жезөкшелер үйі әшкере болды. Заңсыз әрекетке үй берген пәтер иелері жауапқа тартылды. Бұл пәтерлерде тіркеусіз және жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрған адамдарға да әкімшілік шара қолданылды.

— Қоғамдық тәртіпті сақтау — біздің ортақ міндетіміз. Полиция қызметкерлері заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін күн сайын профилактикалық іс-шаралар жүргізеді, ал тұрғындар өз аудандарындағы қауіпсіздік пен тәртіпке жауапты болуы керек. Азаматтарды бейжай қалмай, заң бұзушылықтар туралы хабарлауға шақырамын, — деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Бүгін, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
Бүгін, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат