Алматыда 60 жаңа автобус жолға шықты

31 тамыз 2023, 11:23

Алматыда бүгінен бастап №38, 38а және №37 маршруттарына 18 метрлік 60 автобус қосылды. Алматы қалалық әкімдігі мәлім еткендей, бұған дейін жылжымалы автобустардың жетіспеушілігіне байланысты бұл бағыттардағы қозғалыс аралығы 40 минутқа дейін жеткен.
Автобустарды жаңарту арқасында қарбалас уақытта жүріс жиілігі 6-7 минутқа дейін азаяды.
Айта кету керек, босатылған автобустар №201 маршруттың жылжымалы құрамын ауыстырады. Осылайша №201 маршрутта 24 автобус қызмет көрсетеді. Осыған дейін бұл маршрутта қозғалыс аралығы 15 минутқа дейін еді, жаңа автобустардың арқасында қозғалыс аралығы 7 минутқа дейін азаяды. Айта кетейік, мегаполисте биыл коммуналдық автопарк 600 газ автобусы мен 100 троллейбус сатып алып отыр. 100 автобус қалаға келді және құжаттарының ресімделуіне қарай желіге шығып жатыр. Қалған автобустарды жыл соңына дейін қалаға жеткізу жоспарланған.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз