jasqazaq.kz

Алматыда 41 жастағы еркек туған анасын пышақтап өлтірді

31 қазан 2025, 9:27

Алматыда жан түршіктіретін оқиға болды. 41 жастағы ер адам туған анасын пышақтап өлтірді. Артынша мәйітін кілемге орап, қоқысқа тастаған дейді көршілері. Қазір күдікті ұсталған. Оның психикасында ауытқу болған, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Қанды оқиға таңға жуық «Алмагүл» ауданында болған. Күдікті бұған дейін бірнеше мәрте терезеден де секірген екен. Бұл үйде тек анасы екеуі тұрған. Пәтерден қатты дауыс жиі естіліп, талай рет көрші-қолаңның тынышын бұзған. Науқас еш жерде жұмыс істемеген. 72 жастағы қарияның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал қазір оқиға болған пәтердің есігі мөрленген.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі: — 41 жастағы жергілікті тұрғын өз анасын өлтіріп, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, Бостандық ауданы полиция басқармасымен. Сезікті ізін суытпай қамауға алынды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталуда. Алдын ала болжам бойынша, сезікті жүйке ауруына шалдығып, есепте тұрған. Сот шешімі бойынша үкіммен сотталады.

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді