jasqazaq.kz

Алматы: Жатақханалардың 90 пайызы сын көтермейді

26 сәуiр 2017, 15:42

Алматыда жатақхананың 90 пайызының жағдайы жасалмаған. Бұл туралы Алматы қалалық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма төрағасының міндетін атқарушы Шыңғыс Бескемпіров jasqazaq.kz тілшісіне хабарлады.

Ол «2017-2020 жылдарға арналған Алматы қаласы жастарын қолдаудың жол картасы» жобасын таныстыру барысында соңғы екі аптада жоғары оқу орындарына қарасты жатақханаларға мониторнинг жүргізіліп жатқанын айтты. Осы уақыт аралығында әкімдік қызметкерлері 54 жатақхананың жағдайымен танысып шыққан. Әлі алда 40 жатақхананы тексеру қалды. Ш.Бескемпіров «Негізі басты мәселенің бірі –  қуықтай бөлмеде 6-8 студенттен тұрады. Сол жерде тамақ жасайды, демалады, сабағын оқиды. Сауалнама жүргізу барысында студенттер жуынатын бөлме аптасына екі күн жұмыс істейтінін, асхана бөлмесінің, тіпті жабық тұратынын айтты. Тіпті оқу бөлмесіне де 7-8 адамнан жатқызып қойған. Жатақхана меңгерушісі құрылыс жұмысына деп студенттерден жыл соңына қарай ақша жинайды екен. Аграрлық университетіндегі 4-жатақханада студенттер емес, оқу орнына қатысы жоқ адамдар жатыр. Олар бірінші қабаттағы 24 бөлмеде тұрады. Ал студенттерге орын жетпейді», – деді.

Келесі аптада Алматы қаласындағы 34 жоғары оқу орнының ректоры қала әкімідінің басшыларымен кездеседі екен. Сол жиында осы мәселе де қаралады.

Бүгін, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
Бүгін, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті