jasqazaq.kz

Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр

Бүгін, 14:07

Алматы жастарының экологиялық мәдениетін қалыптастыру бүгінде қала дамуының маңызды бағыттарының бірі саналады. Осы ретте Jas Qazaq тілшісі мегаполистегі экобастамалар, «Таза Қазақстан» акциясы, тұрақты жастар жобалары және волонтерлерді қолдау шаралары туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Әзиз Қажденбекпен сұхбаттасқан еді.

– Әзиз Оралбекұлы, «Таза Қазақстан» республикалық акциясына Алматы жастарының қатысу деңгейі қандай?

– «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы 2025 жылы қалалық ортаның санитарлық жағдайын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар жастар мен қала тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізді.
«ЭкоХаб Алматы», «Нұрмейірім» қоры және «Жастар рухы» қоғамдық ұйымы тарапынан жобаны сүйемелдеу, ақпараттық қолдау, тренингтер мен волонтерлік бағдарламаларды ұйымдастыру бағытында ауқымды жұмыс жүргізілді.
Алматы қаласында жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2025 жылы тұрақты түрде іске асырылған жобалар кешені бірнеше бағытта қамтылды. Ең алдымен, «Экорейнджерлер» жас эко-патрульдері экологиялық құқықбұзушылықтарды анықтау, қалдықтарды сұрыптау қағидаларын түсіндіру, аула аумақтарын тазарту және тұрғындармен жүйелі ақпараттық жұмыс жүргізу арқылы жастардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған тұрақты механизм ретінде жұмыс істеді.

– Алматы қаласында жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қандай бағдарламалар бар?

– ЖОО аумақтарында экологиялық мониторинг жүргізіліп, студенттердің экоклубтары мен еріктілер топтарының белсенділігі артты. Қаланың 11 комьюнити-орталығында тұрақты форматтағы «Таза бейсенбі» акциясы өткізілді, ол аясында аумақтарды тазарту, қалдықтарды сұрыптау бойынша мастер-класстар және экологиялық әдеттерді қалыптастыруға бағытталған ағартушылық жұмыстар жүзеге асырылды. Жастардың экологиялық бастамаларын қолдаудың маңызды тетіктерінің бірі «Жасыл ел» маусымдық бағдарламасы болды. Бағдарлама шеңберінде қалалық штаб еңбек жасақтарының жұмысын толық ұйымдастырып, қатысушыларды арнайы форма, құрал-сайман және қажетті инфрақұрылымдық қамтамасыз етумен жабдықтады.
Жобаға 2 мыңнан астам жас тартылып, олар қаланың барлық аудандарында санитарлық тазалау, абаттандыру, өзен арналары мен жасыл аймақтарды ретке келтіру, сондай-ақ қоғамдық кеңістіктерді көркейту жұмыстарын атқарды. Жасақтардың қызметі қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға ғана емес, жастардың еңбек дағдыларын дамытуға және табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.
Жобаға қатысқан жоғары оқу орындары – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Құрманғазы атындағы консерватория, Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ аграрлық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті және басқа да білім беру ұйымдары.

– Жастар ұйымдары мен волонтерлердің экологиялық бастамаларын қалай қолдайсыздар?

– Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Эко рейнджер» жобасы аясында 2025 жылдың ақпан–мамыр айлары аралығында «Сана» ҚҚ зияткер жастар мектебі экологиялық ағартушылық және волонтерлік бағыттағы 26 іс-шара өткізді. Іс-шаралар жастардың экологиялық мәдениетін дамытуға, қоршаған ортаға жауапкершілігін арттыруға және волонтерлік бастамаларды қолдауға бағытталған. Іс-шаралардың форматы: семинарлар, тренингтер, мастер-кластар, экскурсиялар, экофестивальдер және экологиялық акциялар. Жалпы қатысушылар саны –
4 мыңнан астам адам, оның ішінде мектеп оқушылары, студенттер, білім беру ұйымдары мен компания қызметкерлері бар.
Жобаның өткізу орындары: Эко-Хаб, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Satbayev University, Абай атындағы ҚазПУ, Арбат, MEGA Алматы, Есентай өзені жағалауы, С.Қайырбеков атындағы оңалту орталығы, батареяларды қайта өңдеу зауыты, Fabrika.kz, аудандық комьюнити-орталықтар және басқа да нысандар.
Университеттерде қалдықтарды бөлек жинау тренингтері, пластикалық өнімдерді қайта өңдеу мастер-кластары, «Жасыл Наурыз», «ЭКО маусымның ашылуы», «Бизнес үшін пластиксіз күн» экофестивальдері, қалдықтарды өңдеу кәсіпорындарына экскурсиялар, экология саласындағы азаматтық жауапкершілік бойынша дөңгелек үстелдер, пластикалық қақпақтар жинау акциялары және плоггинг ұйымдастырылды. Аталған жұмыстар Алматы жастарының экологиялық мәдениетін нығайтуға және белсенді азаматтық позицияны қалыптастыруға маңызды үлес қосты.

– Әңгімеңізге рахмет!

Олжас Әбдіхалық

Бүгін, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр
Бүгін, 13:59
Мерей Оңғаров: Алматыны газдандыру 100 пайызға жақындады
16 желтоқсан, 14:00
Алматы: Жылу жүйесі қыс маусымына дайын
15 желтоқсан, 14:01
Алматының индустриалдық аймағы – даму драйвері
12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет