Алматы – жастардың қаласы

18 қазан 2023, 13:38

Жас қалам

Алматы – миллионнан астам халқы бар еліміздегі ең ірі мегаполис. Сондай-ақ Алматыны жастар қаласы деуге де болады. Өйткені көшеде жүргенде бірден байқайсың: қалада жұмыс істейтін жастар да, студент те көп. Әрі олар өте белсенді. Үнемі үлкен іс-шараларға қатысып, акциялар өткізіп жатады.  Волонтерлікпен айналысатын жастардың да қатары көбейіп келеді. Әділет департаментінің мәліметінше, 70-тен астам жастар ұйымы бар. Олардың ішінде 48 ұйым белсенді жұмыс істейді.

Қалада тұратын жастар көбейген сайын оларды жұмыспен қамту мәселесі туындайтыны белгілі. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз айында Алматыда жастарды жұмысқа орналастыру бойынша арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырған болатын. Мемлекет басшысы ең алдымен NEET санатына жататын жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешуге назар аудару керектігін атап көрсетті. Осы арада айта кетейік, 2017 жылдан бері елімізде NEET санатындағы жастар бірнеше әлеуметтік топтарға бөлінген. Олар:

— жұмыссыз жастар;

— мүгедектігі бар еңбекке қабілетті жастар;

— созылмалы аурулары бар немесе қандай да бір тәуелділігі бар жастар;

— үй шаруасындағы жас әйелдер, көп балалы аналар және жалғызбасты аналар.

Алматы жастарының жақсы өмір сүруі үшін бірнеше бағдарламалар қолға алынған. Оның барлығы жастардың сапалы білім алуына жағдай жасау, жұмыспен қамтамасыз ету, денсаулығын сақтау сияқты әлеуметтік мәселелермен қоса, патриотизм құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған. Оңтүстік астанамыз аталып кеткен Алматы жастарына мемлекет пен қоғам тарапынан мол сенім артылып отыр. Олар да өз тарапынан жақсы қырыцнан көрініп, алып белестерді бағындырып жатыр. Біз әлі университет қабырғасында білім алып жүрген студент болсақ та, еліміздің көркейіп, гүлденуіне өз үлесімізді қосуға талпынамыз.

Естай Қосалы,

Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ФММК факультетінің журналистика мамандығының 2-курс студенті

Сурет: Ғаламтор 

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді