Алматы тұрғындары көше атауын өз еркінше өзгерте ала ма?

07 қыркүйек 2023, 12:18

Бұл сұраққа Алматының әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуінде жауап берді.
Жетісу ауданының тұрғыны қала әкіміне көшенің атауын өзгерту жөнінде өтініш айтты. «Бізде Жайсаң көшесі бар. Бұл әдемі атау, бірақ оның бұрынғы атауы Победа болатын. Жергілікті тұрғындар бұл атауды қайтарғысы келеді. Біздің өтінішімізді орындай аласыздар ма?» – деп сұрады қала тұрғыны.
Оған қала әкімі: «Көшенің атауын өзгерту жайлы өтініштеріңізді ономастика бөліміне хабарласып шеше аласыздар. Дегенмен заң бойынша қала, көше, аудан атауын 10 жыл бойы өзгертуге болмайды. Көше атауларын тұрғындар өзі шеше ала ма деген заң қаралуда. Егер бұл заң мақұлданса, қажетті өтініштер мен қолдарды жинап, қалалық ономастикалық комиссияға өтініш беріп, көше атауын өзгертуге болады. Сол себепті заңның өзгеруін күтуге тура келеді», – деп жауап берді.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді