Алматы туған күнін тойлап жатыр

17 қыркүйек 2023, 15:35

Қыркүйектің үшінші жексенбісінде Алматы дәстүрлі түрде өзінің туған күнін атап өтеді.

Биыл қала күніне орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Мәселен, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі, концерттер, көрмелер, флешмобтар және фестивальдар өтіп жатыр.

Бүгін Абай алаңында қала әкімі Ерболат Досаев алматылықтарға арнап құттықтау сөз сөйледі.

Алматы әкімі қаланың еліміздің тарихындағы тарихи рөлін ерекше атап өтіп, оның дамуына қосқан үлесі үшін тұрғындарға алғысын білдірді.


Содан кейін Ерболат Досаев мегаполистің дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосқан адамдарды: олардың ішінде ғалымдар, дәрігерлер, суретшілер, қоғам қайраткерлерін «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағымен марапаттады.


Ресми бөлім аяқталғаннан кейін қала әкімі Тұңғыш Президент саябағындағы «Alma Fest» және «Artbat Fest» заманауи өнер фестиваліне барды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

 

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді