jasqazaq.kz

Алматы прокуратурасы: Бажкеноваға жалған ақпарат таратқаны үшін ескерту жасалды

06 қыркүйек 2025, 18:49

Алматы қаласының прокуратурасы соңғы екі-үш күннен бері бірқатар тұлғалар туралы orda. kz сайтында жарияланған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Мәлімдемеде былай деп жазылған:
«Соңғы уақытта онлайн-платформаларда жалған ақпараттың таралу деректері тіркелді.
Осындай жарияланымдардан кейін «Orda» ақпараттық-талдау арнасының бас редакторы Г.А. Бажкеноваға қала прокуратурасы Қазақстан Республикасының «Масс-медиа туралы» Заңының талаптарын ауызша және жазбаша түрде түсіндірді.
Сонымен қатар ол ел заңдарын бұзудың жол берілмейтіні және қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгені туралы қатаң ескертілді.
Сондай-ақ азаматты сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп қасақана жалған айыптау деректері бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 419-бабы 3-бөлігіне сәйкес 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық қарастырылатыны түсіндірілді.
Осыған байланысты қала прокуратурасы азаматтарды және бұқаралық ақпарат құралдарын Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтауға шақырады және қоғамдық ортада, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жалған, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға қатаң түрде шақырады».
JQ-Aqparat

18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат