jasqazaq.kz

Алматы облысының шаруалары PepsiCo-ға картоп жеткізе бастады

17 қараша 2025, 19:02


Алматы облысының Райымбек ауданындағы «Алтын дән-1» өндірістік кооперативі америкалық PepsiCo корпорациясына картоп жеткізуді бастады. Биыл өңір шаруалары 2 300 гектарға картоп егіп, әр гектардан 200–250 центнер өнім алды. Жоғары көрсеткішке интенсивті агротехнологиялар мен заманауи жаңбырлатып суару жүйелерін қолдану ықпал етті.
Серіктестік аясында кооперативке элиталық тұқымдар ұсынылып, жаңбырлатып суару жабдығын енгізуге қолдау көрсетілді. Пилоттық жоба 150 гектар аумақты қамтыды.
Бұл жерде мемлекеттік қолдаудың маңызы зор.
Мәселен, жаңбырлатып суару жүйелеріне кеткен шығынның 80%-ы субсидияланған (шамамен 100 млн теңге).

Келесі жылы Райымбек ауданында жергілікті тұқым шаруашылығы іске қосылмақ. Жоба отандық картоптың сапасын арттыруға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған. Сондай-ақ, шаруалар өнімді сақтау үшін 10 мың тоннаға арналған көкөніс қоймасын салу қажеттігін айтты. Бұл ұсыныс облыс деңгейінде қаралуда.

Жалпы PepsiCo-мен серіктестік өңір агробизнесіне инвестиция тартуға, экспорт әлеуетін кеңейтуге және ауыл шаруашылығының техникалық жаңаруына ықпал етеді.

JQ-Aqparat

Сурет: Agropress

16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді