Алматы облысындағы автобус апаты: 34 адам зардап шеккен

06 қазан 2023, 14:00


«Қайыңды-Саты» жолындағы апаттан зардап шеккен 34 адамның жағдайы белгілі болды.
«Жол апаты салдарынан 36 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. 34 адам зардап шекті. Оның 20-сы әйел,14-і ер адам. Барлық зардап шеккендерге алгоритм бойынша толық көлемде жедел медициналық көмек көрсетілді. Оқиға орнына 13 жедел жәрдем бригадасы және 1 ТМҚК бригадасы (28 қызметкер және 14 санитариялық автокөлік) жіберілді. Кеген аудандық ауруханасында 1, Шелек ауылының аудандық ауруханасына 2, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына 9 науқас ем қабылдап жатыр, жағдайлары орташа ауыр», — деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Әкімдіктегілер апаттың барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған сараптама тағайындаумен қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Автобус жүргізушісі Кеген ауданы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Істі облыстық полиция бастығы мен Алматы облысының әкімі бақылауға алды.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді