jasqazaq.kz

Алматы облысында жаңа оқу жылы 9 жаңа мектептің ашылуымен басталды

01 қыркүйек 2025, 15:32

Бүгін Білім күніне орай Алматы облысында 491 мектептің есігі айқара ашылып, 362 мыңнан астам оқушы жаңа оқу жылын бастады, деп хабарлайды jasqazaq.kz .

Алматы әкімдігінің мәліметінше, оның ішінде 35,5 мың бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отыр.
Жаңа оқу жылының басты ерекшелігі – өңірде 9 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оның 8-і ұлттық «Келешек мектеп» жобасы аясында салынса, тағы біреуі жеке инвестордың қаражаты есебінен бой көтерді. Бұл нысандар заманауи талаптарға сай жабдықталып, оқушылар үшін қолайлы орта қалыптастырды.


Алматы облысында жаңа оқу жылына орай білім беру ұйымдары оқулықтармен 100 пайыз қамтамасыз етілді. Бұл мақсатқа 3 млрд теңге бөлініп, барлығы 808 568 жаңа және қайта басылған кітап сатып алынды.
4-сынып оқушылары үшін алғаш рет қазақ тілінде оқытатын мектептерге арналған орыс тілі, сондай-ақ ағылшын, неміс, француз тілдері, еңбекке баулу, бейнелеу өнері, цифрлық сауаттылық және жаратылыстану пәндерінен жаңа оқулықтар енгізілді. Орта және аға буынға арналған қазақ және орыс тілі мен әдебиеті, математика, физика, химия, биология, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі және көркем еңбек пәндері бойынша жаңартылған басылымдар жеткізілді.
Сонымен қатар «Қазақстан географиясы» (7–8 сынып), «Қазақстан тарихы» (8 сынып), «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық» (10–11 сынып) және «Құқық негіздері» (11 сынып) оқулықтары қайта басылып шықты.
JQ-Aqparat
Сурет: Алматы облысы әкімдігі

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады