jasqazaq.kz

Алматы облысында ҮЕҰ аймақтық форумы өтті

30 қараша 2017, 15:23

Бүгінгі ҮЕҰ «Бәсекеге қабілеттілік. Прагматизм.Сананың ашықтығы» атты облыстық форумында Алматы облысының ҮЕҰ қызметінің жұмысы мен мемлекеттік мекемелермен одан әрі ынтымақтастығын арттыру мәселесі талқыланды. Шара көрме кешенінде ұйымдастырылды. Форум барысында көрменің қатысушылары назарына облыстағы ҮЕҰ-ның ең үздік әлеуметтік жобаларының таныстырылымы ұсынылып, олардың әрқайсысын облыс әкімі Амандық Баталов қарады.

Мысал келтірер болсақ, Қапшағайдағы «Ақ орда» қоғамдық бірлестігінің «Көрікті қала тазалықтан басталады» жобасының арқасында 4 тонна қоқыс шығарылды. «Қандай ғажап бұл әлем!» атта жобада «Ескелді ауданынының мүгедектер қоғамдық бірлестігі» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шығармашылық үйірмелер ұйымдастырып, 25 баламен жұмыс жүргізілді.

Райымбек ауданының мүгедектер қоғамдық бірлестігінің «Біріксек біз күштіміз» жобасы аясында Кеген ауылының 6 тұрғыны жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ ұлттық стильде өнім жасау саласында 30-дан астам қыз білім алып, 100-ден астам түрлі бұйымдар шығарылды. Көрменің қатысушылары атап өткендей, әлеуметтік жобалардың әрқайсысы нәтиже көрсете алды. Оларды іске асыру және дамыту бойынша жұмыстар алдағы уақытта та жалғасатынын жеткізді.

 

Форумда құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі Амандық Баталов қатысушылардың барлығына алғысын білдірді. Аймақ басшысы Алматы облысындағы ҮЕҰ қызметі туралы айта отырып, өңірде 388 үкіметтік емес ұйымның бар екенін атап өтті. Олардың жартысынан астамы, яғни 60% ауылдық жерлерде тіркелген. Облыстағы ҮЕҰ халықты әлеуметтік қорғау, білім беру және спорт, жастар саясаты, балалардың құқықтарын қорғау, гендерлік мәселелер, қоршаған ортаны қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау және азаматтардың құқықтарын қорғау саласында белсенді жұмыс істейді. Жақында Астанада өткен марапаттау барысында 59 ұйым ішінен 5 ұйым Алматы облысынан лайықты марапатқа ие болды. Бұл көрсеткіш аймақтағы үкіметтік емес ұйымдардың нақты нәтижелерінің бірі.

Өз сөзінде аймақ басшысы Амандық Баталов «Бүгінгі форум болашақтағы ынтымақтастықтың тиімді әдістерін қалыптастыруда өзіндік серпін болады деп үміттенемін. Шараның мақсаты — халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын көтеру, әлеуметтік мәселелерді шешу, демократияны дамыту және нығайту. Барлық қатысушыларға жемісті жұмыс, сапалы ұсыныстар мен идеялар тілеймін! — деді.

Пленарлық отырыста спикерлер сөз сөйледі. Олардың ішінде «Enactus Kazakhstan» қорының президенті Альбина Ержанова, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» АҚ-ның басшысы Нұрлан Өтешев, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының жетекшісі Светлана Сәдуақасова және тағы да басқалар бар.

Баяндамашылар биылғы жылы атқарылған жұмыстың нәтижесін баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Содан кейін облыстың ҮЕҰ-ның үздік әлеуметтік жобалары марапатталды. Осылайша, ардагерлер және қарт адамдармен жұмыс істеу барысында облыстық ардагерлер кеңесі үздік деп танылды. Гендерлік саясат саласында «Жамбыл ауданындағы әйелдерге көмек көрсету орталығы» қоғамдық бірлестігінің қызметі,  Жастар саясаты саласындағы — Саран ауданындағы «Парыз» жастар қоғамдық бірлестігі, Азаматтық қоғамды дамытуда — «Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қоғамы» қоғамдық қоры, мүгедектермен жұмыс жасауда — Кербұлақ ауданының «Камқор» қоғамдық бірлестіктері озат шықты. Әр жеңімпаз 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталды.

 

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда