jasqazaq.kz

Алматы облысында Республика күні кең ауқымда аталып өтті

25 қазан 2025, 18:42

Облыс орталығы – Қонаев қаласында Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі және салтанатты жиын ұйымдастырылды. Кешкісін мерекелік концерт көрсетіліп, шара таңғажайып дрондар шоуының көрсетілімімен түйінделіп, өз мәресіне жетті.
Республика күні Алматы облысында әдеттегі қалыптасқан дәстүр бойынша ауқымды әрі салтанатты түрде аталып өтті. Өңірдің барлық аудан, қалаларында мыңдаған тұрғынды ел рәміздері астында біріктірген Қазақстанның тәуелсіздігі мен бірлігінің нышаны болып табылатын Мемлекеттік Туды көтеру рәсімдері өткізілді.
Басты мерекелік іс-шара Алматы облысының орталығы – Қонаев қаласында ұйымдастырылды. Салтанатты шарада Құрмет қарауылының қатысуымен, Қазақстанның халық әртісі Талғат Күзембаевтың орындауында қала аспанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны әуелей шырқалды. Дәл осы сәтте орталық алаңда Мемлекеттік Штандарт көкке көтерілді.
Салтанатты сәттен соң өткізілген мерекелік жиында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жиналған қауымды Республика күнімен құттықтады.
«1990 жылдың 25 қазанында Мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылданды. Дәл осы күннен еліміздің тәуелсіздікке апарар жолы бастау алды. Бұл күн барша қазақстандықтарды біріктіріп, азаттық пен мемлекеттіліктің нышанына айналды», – деді өз сөзінде өңір басшысы.
Марат Сұлтанғазиев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына және ел игілігіне үлес қосқан облыс тұрғындарына мемлекеттік наградаларды табыс етті. Сондай-ақ, шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының наградалары да өз иелеріне тапсырылды.
Салтанатты рәсім кезінде «Элитстрой» компаниясы Қазақстанның халық әртісі, «Ақжауын» оркестрінің көркемдік жетекшісі Секен Тұрысбекке пәтер кілтін табыстады. Аталмыш сый — өнер иесінің ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан зор еңбегінің жоғары бағаланғандығының белгісі.
Мерекенің шарықтау шегі — орталық алаңда өткен отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен ұйымдастырылған концерт болды. Концерт соңында Алматы облысында алғаш рет таңғажайып мерекелік дрондар шоуы халық назарына ұсынылды. Жүздеген дрон Қонаев аспанына көтеріліп, түрлі-түсті жарықтармен Қазақстанның рәміздері мен мерекелік бейнелерді бейнелеп, көрермендер үшін мерекелік кештің көзайым көрінісіне айналды.
JQ-Aqparat
Сурет: Алматы облысы әкімдігі

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді