jasqazaq.kz

Алматы облысында мемлекеттік наградалар тапсырылды

25 қазан 2025, 19:56

Алматы облысында Республика күніне арналған мерекелік шара аясында салтанатты жиын өтті. Шарада облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысушыларды мерекемен құттықтап, өңір мен елдің дамуына айтарлықтай үлес қосқан тұрғындарға мемлекеттік және қоғамдық наградаларды тапсырды.
Өңір басшысы өз сөзінде бұл наградалар әртүрлі салада адал еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегін жоғары бағалау екендігін атап өтті.
«Еліміздің дамуы – сіздердің күнделікті адал еңбектеріңіздің нәтижесі. Республика күніне арналған бұл наградалар – мемлекет тарапынан сіздердің еңбектеріңізге құрмет пен алғыстың белгісі», – деді Марат Сұлтанғазиев.
Ақтоғай ГЭС-інің бас директоры Тоқтарбек Баймолдаев II дәрежелі «Барыс» орденіне, Қанымжан Сұлтанқұлова, Роза Абилова, Қуат Байғожаев, Зинаш Күштекова, Бақыт Онланбекұлы, Қали Сәтпаев және Дінмұхамед Кузиев «Құрмет» орденіне ие болса, Кеген ауданындағы шаруа қожалығының жетекшісі Болат Аумолдаев
III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды.
Сонымен қатар, бірқатар облыс азаматтарына «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдері және «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгілері тапсырылды. Марапатталушылар қатарында дәрігерлер, мұғалімдер, мәдениет және әлеуметтік сала қызметкерлері, кәсіпкерлер бар.
«Бұл тек менің жеке басымның марапаты емес, еліміз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін күн сайын еңбек ететін ұжымымыздың еңбегі», – деді «Құрмет» орденінің иегері Дінмұхамед Кузиев.
Шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының наградалары да өз иелеріне табыс етілді. Ел бірлігін нығайтуға қосқан үлестері үшін Гамзе Гейдаров пен Гулипа Ғайпова «Бірлік» алтын медаліне ие болса, Нұрмахамет Әрипов, Мақсат Сейдалиев және Исмаил Байрамовтар Мемлекет басшысының Құрмет грамотасы мен Алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан он екі облыс тұрғынына «Аймаққа еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды.
Салтанатты шарада Қазақстанның халық әртісі, «Ақжауын» оркестрінің көркемдік жетекшісі Секен Тұрысбекке «Элитстрой» компаниясы пәтер кілтін тарту етті. Бұл сый — өнер иесінің ұлттық мәдениетті дамытудағы еңбегін мойындау болып табылады.
Шара соңында облыс әкімі марапат иелеріне мықты денсаулық, жаңа жетістіктер мен ел игілігі үшін атқаратын еңбектерінде сәттілік тіледі.
Салтанатты рәсім эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Еске сала кетейік, бүгін Конаев қаласының орталық алаңында мерекелік ғажайып дрондар шоуы көрсетіледі.
JQ-Aqparat
Сурет: Алматы облысы әкімдігі

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді