jasqazaq.kz

Алматы облысында аяқ-киім тігетін цех ашылды

01 желтоқсан 2017, 14:14

Алматы облысының Кербұлақ ауданында Тұңғыш Президент күніне орай аяқ-киім тігетін цех ашылды. Шағын кәсіпорын мемлекеттік бағдарламаның қолдауымен жүзеге асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екінші топтағы мүгедек Асхат Талғарбаев «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы арқылы 1,5 млн теңге грантқа ие болған. Бұл қаражатқа қажетті құрал-жабдықтар сатып алып, кәсібін бастап кетті. Сонымен қатар ол өзі сияқты мүмкіндігі шектеулі төрт азаматты жұмыспен қамтыды. Жоспар бойынша, цехта айына 40 жұп аяқ-киім тігіледі және бұл заттар таза былғарыдан жасалынады. Бағасы да қарапайым халық үшін қолжетімді болмақ.

Алматы облысында аяқ-киім тігетін цех ашылды

Айта кету керек, кәсібін жаңадан бастаған Асхат Талғарбаев туа бітті сөйлеу қабілетінен айырылған. Ол өзі сияқты азаматтарды жұмыспен қамтып отыр. Оларға арнайы сурдо аудармашы қызмет көрсетеді.

Алматы облысында аяқ-киім тігетін цех ашылды

Кербұлақ ауданында шағын цехпен қатар, су жүйесі де жаңарды. Енді Шұбар ауылының халқы ауыз судан тарықпайтын болады. Сонымен қатар ауданның орталығындағы бір көшеге жаңа атау берілді. Енді Сарыөзектегі жаңа шағын аудан Абылай ханның шөбересі Тезек төренің атымен аталады.

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда