jasqazaq.kz

Алматы облысында 7 ветеринариялық пункттің құрылысы жүргізілуде

16 қазан 2025, 10:10

2025 жылы Алматы облысында ауыл шаруашылығы саласының инфрақұрылымын дамыту мақсатында 7 ветеринариялық пункттің құрылысы жоспарланған. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 147 миллион теңге бөлініп, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Алматы облысы әкімдігінің мәлеметінше, бүгінгі күнге дейін 3 объектінің құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 4 ветеринариялық пункттің құрылысы жалғасуда. Олар:

• Еңбекшіқазақ ауданы – Малыбай ауылдық округі,
• Қарасай ауданы – Әйтей ауылдық округі,
• Жамбыл ауданы – Шолаққарғалы ауылдық округі.

Ветеринариялық пункттер – жергілікті деңгейде жануарлар мен халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ететін маңызды буын. Мұнда ветеринар мамандар аурулардың алдын алу, диагностика және емдеу, вакцинация жүргізу, сондай-ақ эпизоотиялық жағдайды бақылау жұмыстарын атқарады.

Жаңа пункттердің іске қосылуы өңірдің эпизоотиялық тұрақтылығын сақтауға және мал өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

JQ-Aqparat

Сурет: Алматы облысының әкімдігі

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді