jasqazaq.kz

Алматы облысында 16 жастағы жасөспірімге жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен күдікті екі әйел қамауға алынды

04 қыркүйек 2025, 9:55

Денесін шылыммен күйдіріп, қол-аяғын сүюге мәжбүрлеген. Алматы облысында 16 жастағы жасөспірімді жабылып ұрып-соғып, артынан жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен екі әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап. 

Екі келіншек алдымен қызды үйінен алдап әкетіп өзен жағасына апарған. Сол жерде ұрып-соғып, жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен. Жасөспірімнің денесін темекі шоғымен  күйдіріп, қол-аяғын сүйдіруге мәжбүрлеп, бар әрекетін телефонға түсіріп алған. Кейін бейнежазбаны таратпау үшін ақша да бопсалаған көрінеді. Ақпараттарға қарағанда, күдіктінің бірі — ауыл округі әкімдігінің қызметкері. Қылмысқа қатысы бар екеуі де ұсталып, уақытша қамау изоляторында жатыр.

Ернар Сайділдин, Алматы облысы ДП ресми өкілі: — Кәмелетке толмаған қызға жарақат салу және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі күдікті әйел құрықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жауапқа тартылады.

Бүгін, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр