jasqazaq.kz

Алматы метрополитені: 14 жылда 200 миллионнан астам жолаушы

01 желтоқсан 2025, 15:36

Бүгін Алматы метрополитені ашылғанына 14 жыл толуын атап өтуде. Осы жылдар ішінде метро қала тұрғындары мен қонақтарына жылдам, қауіпсіз және экологиялық таза тасымалдау қызметін көрсететін ең маңызды әрі сенімді қоғамдық көлік түрлерінің біріне айналды.

Желі іске қосылған сәттен бастап метрополитен 200 миллионнан астам жолаушыны тасымалдады, ал күн сайын жерасты көлігі 120 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетеді.

Метроның үздіксіз жұмысын 1500-ден астам маман қамтамасыз етеді — машинистер, инженерлер, диспетчерлер, кассирлер, станция кезекшілері, қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері және басқа да көптеген кәсіби мамандар

Алматы метрополитені белсенді дамуын жалғастыруда. Батыс бағытында желіні кеңейту бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі уақытта «Қалқаман» станциясының құрылысы аяқталуға жақын, сондай-ақ «Барлық» базарына дейінгі тағы үш станцияның жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Метрополитенді дамыту қаланың көлік жүйесін жақсартуға, халықтың мобильдігін арттыруға және жайлы қала ортасын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Сурет: «Алматы қаласы Метрополитені» КМК баспасөз қызметі

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді