Алматы мектептерінде кешенді қауіпсіздік жүйесі енгізіледі

21 тамыз 2023, 15:31

Сурет: freepik

Алматыда екінші жыл қатарынан қала әкімдігі мектептердің 1-4 сынып оқушылары мен халықтың әлеуметтік осал топ отбасынан шыққан балаларды тегін тамақтандыру жобасын іске асыруда.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева: «Тегін тамақпен 133 мыңнан астам оқушы (орта білім беру ұйымдарының жалпы контингентінің 45,3%) қамтылады. Жалпы 2023 жылға оқушыларды тамақтандыруға 20,4 млрд теңге қарастырылды. Бір күндік тамақтанудың құны – 800 теңге»,- деді.

Тағы бір ірі жоба — Кешенді қауіпсіздік жүйесін енгізу.

«Биыл жыл соңына дейін барлық 214 мемлекеттік мектепте полицияның жедел басқару орталықтарымен интеграцияланатын «дабыл түймелерімен», өткізу жүйесімен (турникеттер), өрт қауіпсіздігі жүйесімен, бейнебақылау камераларымен жабдықталған Кешенді қауіпсіздік жүйесі енгізіледі. Бұл жоба жалпы құны 4,9 млрд теңге болатын үш жылдық сервистік модель шеңберінде қаржыландырылады», — деді Л.Жылқыбаева.

JQ-Aqparat

 

 

07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз