Алматы: Медеу ауданында жыл соңына дейін жаңа су көздері салынады

28 қыркүйек 2023, 11:57

Медеу ауданында 2 жаңа су көзі мен бірнеше су жинағыштың құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы  тұрғындармен кездесуде айттв. Құрылыс желтоқсан айының соңына дейін аяқталады.
Жобаны іске асыру «Каменск үстірті», «Көлсай», «Мұзтау» және «Юбилейный» шағын аудандарының 20 мыңнан астам тұрғынын үздіксіз сумен қамтамасыз етеді.
Сәуір айында жалпы ұзындығы 46 км су құбыры және кәріз желісінің құрылысы басталды. «Көлсай», «Кеңсай» шағын аудандары мен Халиуллин көшесіндегі жұмыстар қараша айына аяқталады.
«Компот» шағын ауданындағы Нұрмағамбетов, Р. Бағланова, Орманов көшелеріндегі және Т.Бигелдинов көшесінің бір бөлігіндегі жұмыстар шілде айында басталды, биыл аяқталады. Қалған көшелердегі жұмыстар 2024 жылдың шілдесінде аяқталады.
«Думан» шағын ауданында жалпы ұзындығы 14 км сумен қамту және канализация желілерін салу және «Сұлусай» шағын ауданында 2 скважина, жалпы ұзындығы 16,9 км сумен қамту және канализация желілерін салу 2 жобасы бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. «Думан» шағын ауданында құрылыс-монтаждау жұмыстары осы жылдың қазан айында басталады. Ал «Сұлусай» шағын ауданында скважиналар құрылысы осы жылдың қараша айында, конкурстық рәсімдер өткізілгеннен кейін басталады, ал желілердің құрылысы 2024 жылға жоспарланған», — деді Ерболат Досаев.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді