jasqazaq.kz

Алматы маңында Үндістаннан келген студенттер жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты

08 қантар, 9:29

Алматы облысының Полиция департаментінде Үндістаннан келген студенттер қаза тапқан жантүршігерлік жол апатының мән-жайы хабарланды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Полицияның мәліметінше, Алматы – Бішкек автожолының 86-шақырымында болған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс тіркелді.

«Алдын ала деректерге сәйкес, Toyota Alphard автокөлігін басқарған 33 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Екі жолаушы кейін медициналық мекемеде қайтыс болды, тағы үшеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.

Астанадағы Үндістан елшілігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 6 қаңтар күні болған. Дипломатиялық өкілдіктің мәліметіне сәйкес, көлікте Үндістанның бес азаматы болған — олардың төртеуі Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері, біреуі турист. Олар Шымкенттен Алматыға бағыт алған.

 

15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге